HINO ALMATY

ТМД-дағы алғашқы дилерлік «3S Hino-орталық» 2018 жылдың қыркүйегінде ашылды. Дилерлік орталық Toyota компаниясыны тобына кіретін Hino Motors, Ltd. жапондық компанияның жоғары стандарттарына жауап береді және өз клиенттеріне жүк техникасын сатуды, оған сервистік қызмет көрсетуді және қосалқы бөлшектерді сатуды қамтитын қызметтердің толық кешенін ұсынады.

Hino Almaty алаңы 2120 шаршы метрді құрайды, онда кең шоу-рум, қосалқы бөлшектер қоймасы және толық жабдықталған төрт посты бар сервистік аймақ орналасқан. Автокөліктері Hino техникалық орталығында қызмет көрсетуден өтетін клиенттер барлық орындалған жұмыстарға, сондай-ақ қосалқы бөлшектер мен пайдаланылатын материалдарға ресми дилердің кепілдігін алады.

Өнімдер желісі:
• Ірі тоннажды жүк автомобильдері (Hino 700)
• Орташа тоннажды жүк автомобильдері (Hino 500
• Шағын тоннажды жүк автомобильдері (Hino 300)

ҚР-да пайдалануға арналған Hino жүк автомобильдерінің шассиі Жапонияның Хамура (Hino 300) және Кога (Hino 500 және Hino 700) қалаларында жиналады.
Қазақстандық нарыққа жеткізілетін барлық автомобильдер пайдаланудың қатал жағдайларына бейімделген – күшейтілген рамамен және жүріс бөлігімен жабдықталған, оларда жылытылатын отын сүзгілері орнатылған, автономды жылытқышты орнату үшін штаттық орындар бар, қосымша коррозияға қарсы өңдеу жүргізілген. Тек HINO-да орнатылған үштік сүзу жүйесі автомобильді өте нашар отын сапасымен де пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстанда барлық Нino автомобильдері міндетті сертификаттау сынақтарынан өтеді, сондай-ақ жергілікті отынды пайдалана отырып, төтенше климаттық жағдайларда ерікті сынақтардан өтеді. Барлық модельдер тапсырмаларды мінсіз орындайды және мәлімделген сипаттамаларды растайтын керемет нәтижелер көрсетеді.

Байланыстар
  • г. Алматы, Кульджинский тракт, 26/1
  • +7 (727) 355-00-01
  • https://hino-trucks.kz/
  • k.daulbaev@hino-trucks.kz

Сервистік қызмет көрсету

Біздің сервистік орталығымыздың өндірістік үй-жайлары техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде жүргізуге мүмкіндік береді.

Біздің сервистік аймағымыз ең заманауи көтергіш, жөндеу және компьютерлік диагностикалық жабдықтармен жабдықталған. Сондай-ақ қысқа мерзімде кез-келген күрделіліктегі жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін мамандандырылған құралмен жабдықталған. Төрт бекеттің болуының арқасында автоорталықтың сервистік станциясы күн сайын 10-12 автокөлікке қызмет көрсете алады.

Барлық жұмыстарды Нino Motors стандарттары бойынша оқудан және сертификаттаудан өткен жоғары білікті мамандар жүргізеді. Біз барлық орындалған жұмыстарға, сондай-ақ қосалқы бөлшектер мен пайдаланылатын материалдарға ресми дилердің кепілдігін береміз.