HINO MOTORS KAZAKHSTAN

Toyota Tsusho Corporation және Orbis Kazakhstan КТ 2014 жылы құрған Hino Motors Kazakhstan қазақстандық-жапондық компания Қазақстан Республикасындағы Hino жүк автомобильдерінің ресми дистрибьюторы болып табылады.

Hino Motors Kazakhstan автомобильдерді және түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді көтерме жеткізуді, кепілдікті қолдауды, өнімді сертификаттауды, дилерлерді тағайындай отырып өткізу және сервистік желіні құруды және дамытуды, сауда маркасының маркетингін және жылжытуды жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда компания қазақстандық нарыққа 300 сериялы (жүк көтергіштігі 3 және 5 тонна), 500 сериялы (жүк көтергіштігі 8 және 12 тонна автомобильдер) және жүк көтергіштігі 30 тонна 700 сериялы қуатты жүк машиналарын жеткізеді.

Қазақстанда сатылатын Нino жүк автомобильдері Токиода орналасқан екі зауытта шығарылады. Қазақстандық нарыққа жеткізілетін барлық автомобильдер пайдаланудың қатал жағдайларына бейімделген -күшейтілген рамамен және жүріс бөлігімен жабдықталған, оларда жылытылатын отын сүзгілері орнатылған, автономды жылытқышты орнату үшін штаттық орындар бар, қосымша коррозияға қарсы өңдеу жүргізілген. Тек Hino-да орнатылған үштік сүзу жүйесі автомобильді өте нашар отын сапасымен де пайдалануға мүмкіндік береді.

Hino Motors Kazakhstan компаниясының негізгі міндеттерінің бірі клиентті толық қолдау және арзан әрі сапалы сервиспен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда Hino дилерлік және сервистік желісі Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтиды және Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Шымкент және Қарағандыда жұмыс істейді.

Байланыстар

Дилерлік және сервистік желі

Қалай біздің дилер болуға болады

Hino Motors Kazakhstan аймақтардағы дилерлік желіні белсенді дамытумен айналысады, сондықтан біз сіздің ынтымақтастық туралы ұсыныстарыңызды қарастыруға қуанышты боламыз.

Өтініш беру үшін бізбен мына мекен-жай бойынша байланысыңыз
k.daulbaev@hino-trucks.kz.

k.daulbaev@hino-trucks.kz