JCB BISHKEK

2019 жылы 15 маусымда JCB эксклюзивті дилері «Автодом машинери KG» компаниясы Қырғыз Республикасының аумағында алғашқы дилерлік орталығының ашылғанын жариялады. Жоба «Автодом машинери KG» (Қырғыз Республикасы) және Orbis Machinery (Қазақстан Республикасы) компанияларының Қазақстан-Қырғыз ынтымақтастығы шеңберінде жүзеге асырылды.

JCB дилерлік орталығы Қырғызстан нарығында JCB сенімді және салыстырмалы түрде арзан техникасы ең алдымен жол-құрылыс және құрылыс секторларында, сондай-ақ ауыл шаруашылығында сұранысқа ие арнайы техниканың ең жаңа және ең жоғары технологиялық үлгілерін ұсынады.

Өнімдер желісі:
• Тиегіш-экскаваторлар
• Шынжыр табанды экскаваторлар
• Дөңгелекті экскаваторлар
• Телескоптық тиегіштер
• Фронтальды дөңгелекті тиегіштер
• Мини-экскаваторлар
• Мини-тиегіштер борттық бұрылумен
• Өнеркәсіптік айырлы тиегіштер
• Тығыздаушы техника
• Аспалы жабдық
• Гидравликалық қол аспаптары
• Жоғары өтімділігі бар айырлы тиегіштер

«Автодом машинери KG» өз клиенттеріне жан-жақты қолдау көрсетеді. JCB орталығы алдыңғы қатарлы диагностикалық жабдықты қолдана отырып, жұмыс параметрлерін орнатуды қоса, техниканы сатуға дейінгі дайындықты жүргізеді.
Дилерлік орталық өндіруші-зауыттан бір жылдық кепілдікті мотосағаттың атқарымын есепке алмай сақтайды.

Байланыстар
  • Бішкек қ., Лев Толстой көшесі,126
  • 0312352222
  • http://jcb.kg/
  • info@jcb.kg

Сервистік қызмет көрсету

Өндірушіңнің регламентіне сәйкес, біз өз клиенттерімізге жоғары деңгейде 24/7 режимінде сервистік қолдау көрсетуге кепілдік береміз.

Арнайы және жүк көтергіш техниканы диагностикалаумен және жөндеумен біздің техникалық департамент айналысады. Жақсы жабдықталған сервистік автомобильдердің болуы механиктерді Қырғызстан Республикасының кез келген жеріне жедел жеткізуге және техника орналасқан жерде оны эвакуациялауға жүгінбей диагностикалық және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Сервистік қызметтің барлық мамандары үнемі оқудан және тағылымдамадан өтеді, жоғары біліктілікке және сервистік қызмет көрсету саласында үлкен тәжірибеге ие.