JCB ATYRAU

JCB бренді саланың халықаралық көшбасшысы болып табылады. JCB арнайы техникасын жоғары сенімділік пен өнімділік, шудың төмен деңгейі және экологиялық тазалық үшін бағалайды. Компания әлемдік нарықтың 49% иеленеді және әлемдегі әрбір екінші жүк тиегіш- экскаваторды JCB сатады.

JCB машиналары көлемі үлкен және өңірге байланысты ерекшеленетін ерекше ауа райы жағдайлары бар Қазақстанға кез келген климаттық аймақта жұмыс істеу қабілеті үшін өте қолайлы.

3S санатты JCB Atyrau дилерлік орталығы (сату техникасы (sale), сервис (service), қосалқы бөлшектер (spare parts)) өз жұмысын 2020 жылдың қазан айында бастады. Ол 646 шаршы метр аумақты алып жатыр, оның 336-сы сервистік аймаққа арналған. Ішкі шоу-румның ауданы – 176 шаршы метрді, сырты – 1220 шаршы метрді құрайды.

JCB Atyrau арнайы техниканы диагностикалау және жөндеу үшін ең заманауи JCB Electronic Service Tool жабдығымен жабдықталған. Дилерлік орталық өндіруші-зауыттан мотосағаттың атқарымын есепке алмай бір жылдық кепілдікті сақтайды.

Өнімдер желісі:
• Тиегіш-экскаваторлар
• Шынжыр табанды экскаваторлар
• Дөңгелекті экскаваторы
• Телескоптық тиегіштер
• Фронтальды дөңгелекті тиегіштер
• Мини-экскаваторлар
• Мини-тиегіштер борттық бұрылумен
• Өнеркәсіптік айырлы тиегіштер
• Тығыздаушы техника
• Аспалы жабдық
• Гидравликалық қол аспаптары

Байланыстар
  • Атырау қ., Әбілқайыр Хан даңғылы, 91
  • +7 (727) 310-00-01
  • http://jcb-kz.com/
  • info@jcb-kz.com

Сервистік қызмет көрсету

Өндірушіңнің регламентіне сәйкес, біз өз клиенттерімізге жоғары деңгейде 24/7 режимінде сервистік қолдау көрсетуге кепілдік береміз.

Сервистік қызметтің барлық мамандары үнемі оқудан және тағылымдамадан өтеді, жоғары біліктілікке және сервистік қызмет көрсету саласында үлкен тәжірибеге ие. Техникаға тәулік бойы қызмет көрсетуді жоғары білікті сервис-инженерлердің көшпелі мобильді бригадалары қамтамасыз етеді.